Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 және облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 8 бр қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 287 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 маусымда № 4842 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 және Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 тіркелген, 2013 жылғы 20 сәуірде "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селосын", "селосы", "селолары" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдарының", "ауылын", "ауылы", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
___________ Н. Садуақасов

Сессия төрайымы
___________ Т. Шерстобитова

Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
____________С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады