Әкімдіктің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 47 "Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық - ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 213 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 маусымда № 4857 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 47 "Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық - ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3795 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 наурызда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі

Н. Садуақасов

КЕЛІСІЛДІ


"Қазақстан Республикасы Қоршаған


ортаны және су ресурстары


министрлігінің Су ресурстарын


пайдалануды реттеу және қорғау


жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік


инспекциясы" республикалық


мемлекеттiк мекемесінің басшысы


__________ Г. Оспанбекова


"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың


құқықтарын қорғау агенттігінің Қостанай


облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау


департаменті" республикалық мемлекеттік


мекемесі басшысының міндетін атқарушы


______________ С. Байменова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады