Қостанай облысының аумағында "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізін құру туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 245 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 шілдеде № 4902 болып тіркелді

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 81-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2013 жылғы 10 қарашадағы № 316 бұйрығымен бекітілген "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізін құру" жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Д. Қаппаровтың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасында киіктер таралымының санын қалпына келтіру және көбейту туралы № 15–03–19/4159-И хаты негізінде, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысының аумағында жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай, жалпы алаңы 2007582 гектарда (га) (оның ішінде: Аманкелді ауданында – 455786 га, Жангелдин ауданында – 1363838 га және Арқалық қаласында – 187958 га) "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізі құрылсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізі учаскелерінде жерлерді пайдаланудың реттелмелі тәртібі белгіленсін.
      3. Аманкелді және Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласының әкімдері осы қаулының орындалуы бойынша шаралар қолдансын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      орта және су ресурстары министрлігі
      Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
      "Қостанай облыстық орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ М. Бегімбетов

Әкімдіктің 2014 жылғы 
2 маусымдағы № 245   
қаулысына қосымша    

"Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізінің
аумағында жерлерді пайдаланудың реттелмелі режимі

      1. Қостанай облысының аумағындағы "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізі (бұдан әрі – экологиялық дәліз) экологиялық жүйенің жай-күйіне теріс әсер ететін осы қызмет аясы шегінде шектеу мақсатында белгіленген.
      2. Экологиялық дәліздің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.
      3. Экологиялық дәліз аумағында жерлерді пайдаланудың реттелмелі режимі экологиялық дәліздің құрамына енгізілген барлық жерлерде, атап айтқанда:
      1) елді мекендердің жерлерінде;
      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде (оның ішінде шаруа және фермер қожалықтары);
      3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерде;
      4) су қорының жерлерінде;
      5) босалқы жерлерде;
      6) аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануда болатын аумақтарда белгіленеді.
      4. Жер учаскелері экологиялық дәліз құрамына оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, жерлерді пайдаланудың белгіленген реттелмелі режимін есепке ала отырып, осы учаскелердің нысаналы мақсатын сақтаумен қосылады.
      5. Жерлерді пайдаланудың режимін бұзған айыпты тұлғалар, табиғи кешенге залал келтірген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар оны қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте өтейді.
      6. Экологиялық дәліз аумағында мыналарға:
      1) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
      2) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
      3) бар экологиялық жүйелерге сәйкес келмейтін жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін енгізуге;
      4) жерге ұя салатын құстар жұмыртқалаған кезеңде шөп шабуға;
      5) топырақты шығару мен қоймалау бойынша кең ауқымды жер жұмыстарының салдарынан топырақ жабынын бұзуға, егер ол авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, қайта құру және қолда бар көлік пен инженерлік-техникалық коммуникацияларды жөндеуге байланысты болмаса;
      6) өзендер мен жылғалардың арналарын түзетуге, олардың учаскелерін коллекторларға жабуға, өзендер мен су қоймаларының жағалауларын бетондауға;
      7) өсімдіктерді жағуға, жапырақтар мен құрғақ шөптерді өртеуге, көктемгі дала өртіне;
      8) жануарлар дүниесі объектілерінің ауыруын және қырылуын, олардың мекендеу ортасының нашарлауының алдын алуға кепілдік беретін шараларды жүзеге асырмай, улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, химиялық реагенттерді, жанар-жағар май материалдарын және өзге де жануарлар дүниесі объектілері мен олардың мекендеу ортасына қауіпті материалдарды, шикізатты және өндіріс қалдықтарын сақтауға және қолдануға;
      9) жануарлардың қоныс аудару жолдарында арнайы өткелдері жоқ тұтас қоршаулар мен құрылғылар орнатуға;
      10) өзендер немесе ағыстарда шығанақтарды орналастыру немесе көлемдері су ағыны енінің үштен екісінен асатын аулау құралдарын орнатуға;
      11) жануарлардың көбеюі кезеңінде ағаш-бұталы өсімдіктердің жас өскіндерінен байланыс және электр беру желілерінің астындағы, сонымен қатар құбыр бойындағы орман жолдарын тазарту;
      12) жануарлар дүниесі объектілерінің жаппай қырылуын немесе олардың мекендеу ортасын өзгертуді тудыратын ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүзеге асыру кезінде технологиялар мен механизмдерді қолдануға;
      13) табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын экологиялық дәліздің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, басқа гидротехникалық құрылыстар салуға);
      14) көрсетілген құрылғылар арқылы жануарлар дүниесі объектілерінің еркін және қауіпсіз жүруі үшін жағдай қамтамасыз етілмей, суландыру және жер өңдеу құрылғыларын құруға және пайдалануға;
      15) жануарлар дүниесі объектілерін аң аулау мерзімінен тыс тыйым салынған тәсілдер және құралдармен алуға;
      16) жануарлардың көшіп-қонуы және төлдеуі кезеңінде жеке учаскелерде аң аулау объектілеріне жатқызылған жануарларды атумен (аулаумен) байланысты аңшылық шаруашылығы қызметіне;
      17) осы жерлерде бар табиғи объектілерге зиян келтіретін басқа әрекеттерге;
      18) экологиялық дәліздің экологиялық жүйесіне зиянды әсер етуге қабілетті басқа қызметке жол берілмейді.
      7. Жыл сайын 1 сәуір мен 1 маусым аралығында экологиялық дәліз аумағында киіктердің төлдеу орындарында табиғатты қорғау және ғылыми-зерттеу іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалардан басқалардың баруын шектеу.
      8. Экологиялық дәліз аумағында экологиялық жүйелердің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, жерлердің мақсатына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
      2) туристік және рекреациялық қызмет;
      3) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
      4) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      5) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
      6) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
      7) өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;
      8) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
      9) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, сонымен қатар қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу үшін пайдалану.
      9. Экологиялық дәліз шекараларында жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің мекендеу жағдайларын жақсартуға бағытталған қызмет пен іс-шараларға, оның ішінде:
      1) белгіленген тәртіппен алып қоюға рұқсат берілген жануарлардың түрлерін реттелмелі аулауға;
      2) жануарлар мен өсімдіктердің мекендеу жағдайларын жақсартуға, жабайы жануарлардың санын тұрақтандыру мен арттыруға бағытталған биотехникалық іс-шараларды жүргізуге;
      3) қоршаған орта компоненттері мен биологиялық саналуандықты зерделеуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына жол беріледі.
      10. Экологиялық дәліз шекараларында табиғи ресурстарды пайдаланудың ең қолайлы түрлері болып мыналар табылады: экологиялық дәліздің экологиялық жүйелеріне теріс әсер етпейтін аңшылық шаруашылық және рекреациялық қызмет, жер пайдалану, табиғи ресурстарды сарқымай пайдалану.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады