Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 247 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 шілдеде № 4903 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 47 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.02.2015 № 47 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
      2. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқару органдарына жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетке аударылуы тиiс таза табыстың бiр бөлiгiнiң болжамды сомаларын, сондай-ақ есептi жылы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың облыстық бюджетке аударған таза табысының мөлшерiн берсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.И. Аманға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" ММ басшысы
      ________________ С. Аймухамбетова

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасы"
      ММ басшысы
      ________________ Г. Кисленкова

Әкімдіктің        
2014 жылғы 2 маусымдағы 
№ 247 қаулысына қосымша 

Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

      1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейiн

таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейiн

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейiн

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейiн

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейiн

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

      2. Денсаулық сақтау саласында қызметiн жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн аудару нормативi 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады