"Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 316 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 шілдеде № 4928 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 86 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 22.02.2017 № 86 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 217 "Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" қаулысының 2-тармағы жойылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 316 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде осы Ережеге қосымшада көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
      Құрылтайшы "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқаруындағы мүліктің меншік иесі болып табылады.
      Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді заңнамада көзделген тәртіппен Құрылтайшы жүзеге асырады.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен бекітілген Жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      9. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешімдер қабылдайды.
      10. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      11. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 110000 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34.
      12. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      13. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру.
      17. Міндеттері:
      1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      2) еңбекақы төлемі, әлеуметтік әріптестік, еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру;
      4) ақпараттық технологияларды, әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпараттарды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету.
      18. Функциялары:
      1) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Қостанай облысының аумағында әлеуметтік оңалтуды ұйымдастырады;
      2) халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
      3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етеді;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдардың, соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың өзге де санаттарының санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз етеді;
      6) мүгедектерді протездік-ортопедиялық және естуге арналған протездік көмекпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      7) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және мүмкіндіктері шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және түзетулік қолдау мәселелері бойынша барлық мүдделі басқармалармен өзара әрекет жасайды;
      8) осы Ережеге Қосымшада көрсетілген ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
      9) мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырады;
      10) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады;
      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
      12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген тәртіппен қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) мемлекеттік реттеуі енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбек ақы жүйесінің параметрлерін қарайды және келіседі;
      13) халықты жұмыспен қамту саласында орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде Қостанай облысының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді, сондай-ақ берілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарады;
      14) өңірлік базалар негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша облыстық ақпараттық базаны қалыптастырады;
      15) орташа мерзімді кезеңдерге еңбек нарығында мамандар мен жұмысшыларға деген қажеттілікті талдауды және болжауды жүзеге асырады;
      16) еңбек нарығының және халықты жұмыспен қамтудың мониторингін жүргізеді;
      17) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді;
      18) нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      19) өз құзыреті шегінде кедейлікті төмендету, халықтың өмір сүру деңгейін және табыстарын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады;
      20) ақпараттық әлеуметтік бағдарламаларды сүйемелдейді, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен ақпараттық алмасуды қамтамасыз етеді;
      21) әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия үйлестірушісінің функцияларын жүзеге асырады;
      22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
      23) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аясында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және жоғары тұрған органдарға енгізеді;
      24) "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға мемлекеттік есептілік пен ақпараттық құжаттарды даярлайды және ұсынады;
      25) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
      26) оралмандарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
      27) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беру туралы қажеттi құжаттарымен қоса берілген өтiнiштi қабылдайды;
      28) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
      29) оралман куәліктерін береді;
      30) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады;
      31) еңбек, халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және көші-қон саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      19. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың функциясы стационар, жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
      3) "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
      6) "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бағынысты болып табылатын мемлекеттік ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
      7) ақпараттық-тұсаукесерлік іс-шараларды (бос орындар жәрмеңкелері, семинарлар және өзге де іс-шаралар), сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      21. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      22. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      23. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      24. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарларының және "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерінің шеңберін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
      5) "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан жасайды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
      8) "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қостанай облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге
қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бағынысты болып табылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арқалық психоневрологиялық интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектерге арналған Жітіқара өңірлік оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Қарабалық интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      5. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Қарасу интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      6. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай психоневрологиялық интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      7. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай балалар психоневрологиялық интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Лисаков интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      9. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный № 2 интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Рудный психоневрологиялық интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Пешков психоневрологиялық интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      13. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Федоров интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      14. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Дружба" мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады