"Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 566 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 5230 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.01.2015 № 21 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов
 

Әкімдіктің          
2014 жылғы 11 қарашадағы   
№ 566 қаулысымен бекітілген 

"Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі 12-қосымшаларында көрсетілген ведомстволары бар.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер оған заңнамаға сәйкес бұған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 83.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекеменің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік басқаруды және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
      16. Функциялары:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;
      3) спорт түрлерi бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
      7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
      8) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
      9) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
      11) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      12) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
      13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
      14) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      15) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      16) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
      17) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелері беріледі;
      18) халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық ерекшеліктерді және техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісіледі.
      19) өз құзыреті шегінде "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) белгіленген заңнамалық тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінік беру;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының мынадай өкілеттіктері бар:
      1) заңнамаға сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      2) "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
      4) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, заңнамада белгіленген тәртіппен олармен еңбек шарттар жасайды;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;
      6) мемлекеттік мекеме қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда білдіреді;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Қостанай облысы әкімдігінің дене  
шынықтыру және спорт басқармасы"  
мемлекеттік мекемесі туралы ережеге 
1-қосымша              

"Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жоғары спорт шеберлігі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      2) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Олимпиадалық резервті даярлау орталығы" мемлекеттік мекемесі;
      3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      4) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қостанай қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Лисаков қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      6) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "№ 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      7) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "№ 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "№ 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;

"Қостанай облысы әкімдігінің дене  
шынықтыру және спорт басқармасы"  
мемлекеттік мекемесі туралы ережеге 
2-қосымша             

"Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) "Тобол" футбол клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) "Баскетбольный клуб "Тобол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады