Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 574 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 5233 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 04.01.2017 № 2 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4958 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) тармақшалармен толықтырылсын:
      "53) астық сапасын және қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      54) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеру) жүзеге асырады;
      55) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
      56) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      57) тұқымдардың мемлекеттік ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
      58) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      59) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      60) биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
      61) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай облысының әкімі Н. Садуақасов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады