1. Қосымшаға сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 2 қаулысына қосымша |
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбеci
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4958 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 тамызда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).2. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 574 "Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 67 "Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6216 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).