Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 343 шешімі және Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 17 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қаңтарда № 5309 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Барлық тұрғындардың қоныс аударуына байланысты Қамысты ауданы Бестөбе ауылдық округінің Қоянды ауылы таратылсын.
      2. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
      Қамысты ауданы Орқаш ауылдық округінің Тауықсор ауылы;
      Қамысты ауданы Горький ауылдық округінің Целинное ауылы;
      Қамысты ауданы Свободный ауылдық округінің Попович ауылы;
      Қамысты ауданы Бестөбе ауылдық округінің Оразқопа ауылы;
      Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Милютинка ауылы;
      3. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
      Тауықсор ауылы Қамысты ауданы Орқаш ауылдық округінің Орқаш ауылының құрамына;
      Целинное ауылы Қамысты ауданы Горький ауылдық округінің Адаевка ауылының құрамына;
      Попович ауылы Қамысты ауданы Свободный ауылдық округінің Свободное ауылының құрамына;
      Оразқопа ауылы Қамысты ауданы Бестөбе ауылдық округінің Бестөбе ауылының құрамына;
      Милютинка ауылы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Введенка ауылының құрамына.
      Қайта құрылсын:
      Орқаш ауылдық округі Қамысты ауданының Орқаш ауылы болып;
      Свободный ауылдық округі Қамысты ауданының Свободное ауылы болып;
      Бестөбе ауылдық округі Қамысты ауданының Бестөбе ауылы болып;
      Горький ауылдық округі Қамысты ауданының Адаевка ауылы болып.
      4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

      Сессия төрайымы                            Ә. Сауденова

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады