Қостанай қаласының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 1926 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 тамызда № 5039 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 1579 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 19.06.2015 № 1579 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшінде енеді).

      «Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай қаласының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары В.А. Полешкоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Әкім

А. Ахметжанов


Қостанай қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 4 тамыздағы
№ 1926 қаулысымен
бекітілген



«Қостанай қаласының коммуналдық мүлігін

мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      Тұрғын үйлерде, өндірістік-шаруашылық мақсаттағы ғимараттарда тұрғын емес орынжайды пайдалану үшін жылына 1 шаршы метр жалдау ақысының мөлшерлемесі, жеке тұрған ғимараттар, құрылыстар мынадай формула бойынша есептеледі:
      Ап = АЕК* Кр* Кт, мұндағы
      Ап - жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      АЕК - республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және жалға беру шарты қолданысының басталу күніне қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіш;
      Кр - объектінің Қостанай қаласында орналасқан жерін еспеке алатын коэффициент;
      Кт - құрылыс түрін есепке алатын коэффициент.
      Коэффициенттер көлемі мынадай кесте бойынша анықталады:
 
 

Объектінің Қостанай қаласында орналасқан жері

Объектінің Қостанай қаласында орналасқан жерін есепке алатын коэффициент (Кр)

Құрылыс түрін есепке алатын коэффициент (Кт)

Жеке тұрған немесе жапсыра салынған

Жартылай-жер төле қабаты

Жер төле қабаты

Қойма

Қайырбеков-Темірбаев (вокзал алаңын қосқанда), Павлов-Шевченко көшелерінің шекаларындағы орталық

5,0

1,0

0,85

0,70

0,60
 

Қаланың басқа аудандары (қала құрамына кіретін елді мекендерді қоспағанда)

3,0

1,0

0,85

0,70

0,60

Қала құрамына кіретін елді мекендер (Амангелді, Қонай, Ударник, Дружба, Жылы Жай, Геофизик, Киевский, Костанай – 2, Узкая колея)

2,5

1,0

0,85

0,70

0,60


      1. Орынжайды пайдалану үшін жылына жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
      Аг = Ап *S, мұндағы
      Аг – жалдау ақысы;
      Ап – жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаңның көлемі (шаршы метр);
      Ғимараттағы орынжайдың бөлігін жалға беру кезінде, оны пайдалану үшін жалдау ақысы жалға алушыға жалпы пайдалану орнына рұқсат беру есебімен, Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 51-тармағына сәйкес есептеледі және мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Аг = Ап *(S*1,25), мұндағы
      Аг - жалдау ақысы;
      Ап - жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаңның көлемі (шаршы метр);
      1,25 – жалға алушыға жалпы пайдалану орнына рұқсат беруді есепке алатын жалға алынатын алаңның ұлғаю көлемі.
      Орынжайды толық емес жұмыс уақытында пайдалану үшін жалдау ақысы (яғни, егер объекті жұмыс уақытының балансымен тиісті мерзімге бекітілгеннен, күн немесе сағат санынан аз уақытқа жалға берілген жағдайда) мынадай формула бойынша есептеледі:
      Адч = (Ап*S): РВ*N, мұндағы
      Адч - жалдау ақысы;
      Ап - жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаңның көлемі (шаршы метр);
      РВ - жылдық жұмыс уақытының балансы (күндер немесе сағаттар саны);
      N - жалға беру күндерінің немесе сағаттарының саны.
      Ғимараттағы орынжайдың бөлігін толық емес жұмыс уақытында жалға беру кезінде, оны пайдалану үшін жалдау ақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
      Адч = (Ап *(S*1,25)): РВ*N , мұндағы
      Адч - жалдау ақысы;
      Ап - жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаңның көлемі (шаршы метр);
      1,25 - жалға алушыға жалпы пайдалану орнына рұқсат беруді ескеретін жалға алынатын алаңның ұлғаю көлемі;
      РВ - жылдық жұмыс уақытының балансы (күндер немесе сағаттар саны);
      N - жалға беру күндерінің немесе сағаттарының саны.
      2. Құрал - жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды пайдалану үшін жалдау ақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
      Аг = АО + (ОС*СР), мұндағы
      Аг - жалдау ақысы;
      АО - тиісті, нормативтік актімен бекітілген амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес жылына амортизациондық төлемдердің сомасы;
      ОС - ағымдағы жылдың 1 қаңтарына құрал - жабдықтардың, автокөлік құралдарының және басқа пайдаланылмайтын заттардың қалдық құны (немесе қайта бағалау, сатып алу күніне құны);
      СР - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (жалға беру шартын қолданудың басталу күніне).
      Толық емес жұмыс уақытында пайдаланылатын құрал - жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды (яғни мына жағдайда, егер объекті жұмыс уақытының балансымен тиісті мерзімге бекітілгеннен, күн немесе сағат санынан аз уақытқа жалға берілсе) жалға беруге жалдау ақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
      Адч = (АО + (ОС*СР)): РВ*N, мұндағы:
      Адч - жалдау ақысы;
      АО – тиісті нормативтік актімен бекітілген амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес жылына амортизациондық төлемдердің сомасы;
      ОС - ағымдағы жылдың 1 қаңтарына құрал - жабдықтардың, автокөлік құралдарының және басқа да пайдаланылмайтын заттардың қалдық құны (немесе қайта бағалау, сатып алу күніне құны);
      СР - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (жалға беру шарты қолданысының басталу күніне);
      РВ - жылдық жұмыс уақытының балансы (күндер немесе сағаттар саны);
      N - жалға беру күндерінің немесе сағаттарының саны.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады