"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес және Қостанай қаласы прокуратурасының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 2-090107-15-07445 ұсынысы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 1926 "Қостанай қаласының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5039 болып тіркелген, "Наш Костанай" газетінде 2014 жылғы 28 тамызда жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Ф.Х. Аракелянға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінде енеді.
Әкім А. Ахметжанов