Әкімдіктің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911 "Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 2063 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 5093 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 1778 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 01.08.2016 № 1778 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911 "Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-150 тіркелген, 2010 жылғы 13 шілдеде "Қостанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. Генерал Арыстанбеков көшесі, Воинов-Интернационалистов және Чкалов көшелерінің шекарасында, жұп жағы";
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады