Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 1778 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911"Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 1392 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-197 тіркелген, "Наш Костанай" газетінде 2012 жылы 28 тамызда жарияланған);
      Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911"Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 18 тамыздағы № 2063 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5093 тіркелген, "Наш Костанай" газетінде 2014 жылы 23 қыркүйекте жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
      Әкім Б. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады