"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Ахметжанов |
Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 3190 қаулысымен бекітілген |
"Қостанай қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, әкімдік және Қостанай қаласы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, индексі 110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қостанай қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін сапалы және уақытылы ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.15. Міндеттері:
1) Қостанай қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудегі әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) қала әкіміне және әкімдігіне есеп беретін жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жасау;
2) қала әкіміне және әкімдік мүшелеріне тиісті мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
3) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ әкімдіктің және әкімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен ақпараттарды жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
4) әкім мен әкімдік қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз ету;
5) әкім мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету;
6) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу және әкімге ақпарат беру;
7) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологиялар енгізу бойынша жұмыстар жүргізу;
8) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын, әкімдіктің отырыстары, мәжілістері, семинарлары мен басқа да іс-шараларды дайындауын жоспарлау және өткізуін ұйымдастыру;
9) облыс әкіміне және әкімдігіне әкімдік қаулыларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін өзгерту, тоқтата тұру, тоқтату туралы, әкім және әкімдіктің қолданыстағы заңнамаға қайшы актілерін жою туралы ұсыныстар енгізу;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, қала әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
11) әкімнің және әкімдік актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестілігіне заңдық сараптама жүргізу;
12) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілері мен атқарушы органдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату кезінде материалдарды ресімдейді, мемлекеттік қызметті өткеру, кадрларды іріктеуге және орналастыруға байланысты мәселелерді шешу, олардың жеке істерін жүргізу;
13) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және атқарушы органдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
14) "электрондық үкімет", ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламаларын ендіру және іске асыру жөніндегі жұмысты және ақпараттық технологияларға байланысты басқа да мәселелерді ұйымдастыру;
15) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі іс жүргізуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізу;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және қызметтік құжаттарды қарау;
17) басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;
18) қала әкімі мен әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі жұмыстың тиімділігін арттыру;
19) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шаралар қолдану;
20) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
21) мемлекеттік қызметтер көрсету;
22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдіктің және әкімнің құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар;
2) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің басшыларына, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға қажетті тапсырмалар беруге;
3) тиісті аумақта басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
4) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде бар ақпараттық дерекқорларды пайдалануға;
5) мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;
6) қала әкімі мен әкімдігінің қабылдаған актілері бойынша келісуді қамтамасыз етуге;
7) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкімінің, қала әкімінің нормативтiк құқықтық актiлеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.19. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
1) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
2) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
3) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже, аппараттың құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды бекітуге енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша төлемақылар, материалдық ынталандырулар (сыйақылар) белгілейді.
4) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
5) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелер әзірлейді, аппарат бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қала әкімі тағайындайтын қызметкерлерден басқа қызметкерлерді қызметке тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
7) аппараттағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
8) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бойынша қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
9) әкімге әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын қол қоюға ұсынады;
10) қала әкімдігі қабылдаған қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
11) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;
12) өз құзыры шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
13) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
14) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
15) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
16) "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражатына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
17) өзіне әкім жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.
"Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тайындалатын және қызметтен босатылатын Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы басқарады.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
22. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.