Мәслихаттың 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 237 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 ақпанда № 4443 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 317 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 12.09.2014 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-2-167 тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағидада:
      12-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Рудный қаласында, Қашар, Горняцк кенттерінде, Перцев ауылында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) тоқсан сайын өтінішпен "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   А. Нурушев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ С. Фаткуллина

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________ З. Жигунова

      "Рудный қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ С. Костина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады