Әкімдіктің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 2609 "2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 708 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 4740 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 720–баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 2609 "2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 тіркелген, 2013 жылғы 24 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері" деген қосымша:
      мына мазмұндағы реттік нөмірі 18–жолмен толықтырылсын:
      "

18

"Рудный қаласының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету
 

Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даяр–лаудан өтуiн талап етпейтiн, қосымша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету

1336
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1336

Ең төменгі жалақының 2 мөлшері
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ең төменгі жалақының 2,5 мөлшері

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.

                                                                   ".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Скарединаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ

      Рудный қаласының прокуроры
      ____________ М. Шуақпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады