Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1753 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қазанда № 5137 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 513 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 513 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.И. Ракқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Әкімдіктің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1753 қаулысымен бекітілді

Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған міндеттеріне сәйкес жер қатынастары аумағында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Рудный қаласының әкімдігі болып табылады.
      5. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      7. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері : 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтов даңғылы, 12.
      11. Мемлекеттік органның толық атауы - Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Рудный қаласының аумағындағы жерді күзету, жерді пайдалану, жер қойнауын пайдалану саласында жалпы мемлекеттік саясатты жүргізумен қорытындыланады.
      16. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мыналар болып табылады:
      1) негізін қалыптастыру, пайда болудың шегі мен шарттары, жер учаскесіне және жерді пайдалану құқығына меншіктік құқығын өзгерту және тоқтату; жер учаскесінің меншіктенушілері мен жерді пайдаланушылардың міндеттері мен құқықтарын жүзеге асыру тәртібі;
      2) жерді қорғау және орынды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу, құнарлы топырақты қалпына келтіру, табиғи ортаны көркейту және сақтау;
      3) шаруашылықтың барлық түрін тең құқықты дамыту үшін жағдай жасау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың және мемлекет жерлерінің құқықтарын қорғау;
      5) қозғалмайтын базарды жасау және дамыту;
      6) жер қатынастары аумағында заңнамаларды нығайту.
      17. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) жер қатынастарын реттеу аумағында мемлекеттік саясатты тарату;
      2) мемлекеттік жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын, олардың міндеттерінің шегін бекіту;
      3) жер учаскелерінің бөлінуін немесе бөлінбеуін, олардың міндеттерінің шегін анықтау;
      4) жер құрылысын жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін құру бойынша жер құрылысының жобасын бекіту;
      5) шектелген жер жобаларын, жер аумағын ұтымды пайдалану бойынша сұлбалар мен жобаларды жасауды ұйымдастыру;
      6) жер сатуды өткізуді ұйымдастыру (конкурстар, аукциондар);
      7) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын облыстық сипаттағы жобаларды және сұлбаларды сараптамадан өткізу;
      8) сатып алу-сату шарттары және жер учаскесін жалдау шарттары және уақытша өтеусіз жерді пайдалану шарттарының қорытындысы және жасалған шарт жағдайларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      9) қала жерінің балансын құрастыру;
      10) зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға қалалық жергілікті атқару органдарының рұқсатын беру бойынша ұсыныс дайындау;
      11) заңнамасын жоюды пайдаланатын және пайдаланбайтын жерді табу;
      12) мемлекеттік мұқтаждық үшін жер учаскелерін алып қою бойынша ұсыныс дайындау;
      13) Рудный қаласы әкімдігінде жер учаскелерін беру бойынша жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
      14) жердің құқықтық қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
      15) мемлекеттік қызмет көрсету және жүзеге асыру;
      16) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеруді қамтамасыз ету;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      18. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің соттағы қызығушылығы және заңнамада белгіленген құқық қорғау тәртібін жүзеге асыру және ұйымдастыру;
      2) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне жататын сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсінік беру;
      3) ақпараттық-тұсаукесер шараларын (дөңгелек үстел, семинарлар және басқа да іс-шаралар), сондай-ақ жердің құқықтық қатынастары сұрақтары бойынша кеңес өткізу және ұйымдастыру;
      4) заңнамаға әсер ететін ережелерді сақтау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      19. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Рудный қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өзіндік өкілеттілік шеңберін және міндеттерін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметтен босатады және қызметке тағайындайды.
      3) орындау үшін міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      5) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді.
      6) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық өзара қарым-қатынастағы мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға көрсетеді;
      7) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Жұмыс тәртібі мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады