"Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" әкімнің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қарашада № 5144 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 28.05.2018 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Рудный қалалық сайлау комиссияның келісімі бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" Рудный қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің "Рудный қаласының аумағындағы сайлау учаскелері" деген қосымшасындағы:

      " № 175 сайлау учаскесі

      Рудный қаласының шекараларында; 40 лет Октября көшесі, № 34 үй, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тері-венерологиялық бөлімшесі." деген бөлім алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Т. Өмірбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады