Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2043 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5214 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 511 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 511 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.В. Березинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 5 қарашадағы
№ 2043 қаулысымен
бекітілген

Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет

және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтов даңғылы, 12.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Рудный қаласының әкімдігі болып табылады.
      13. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басқару функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттiк мекеменің миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
      функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
      15. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Рудный қаласы аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатты жүргізумен қорытындыланады.
      16. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері қала аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс және құрылыс индустриясын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. Функциялары.
      1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын тиiстi мәслихатқа бекiтуге ұсыну;
      3) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      5) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
      6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
      7) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      8) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
      9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
      10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады;
      11) мемлекеттік қызметтерді көрсету және жүзеге асыру;
      12) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 18.03.2016 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсінік беру;
      3) ақпараттық–көрсету іс–шараларын (дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқа іс–шаралар), сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
      4) қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттік мекеме қызметін ұйымдастыру
      19. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің өкілетін және міндеттерін анықтайды;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      3) міндетті орындау үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану, көтермелеу мәселелерін шешеді;
      5) сенімхатсыз Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан іс-әрекет жасайды;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар және басқа ұйымдармен қарым–қатынаста Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      7) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Жұмыс тәртібі мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Регламентіне сәйкес белгіленеді.
      4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
      22. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
      28. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады