Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 232 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 4730 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 426 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 19.08.2020 № 426 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4221 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс сессияның төрайымы,


қалалық мәслихат хатшысы

Г. Жарылқасымова

КЕЛІСІЛДІ:


"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы


______________ Г. Бермұхамбетова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады