Алтынсарин ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 92 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 4756 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 120 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алтынсарин ауданының кәсіпорындары және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектердің бос жұмыс орындарына квотаға сәйкес жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.К. Баймағамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады