Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 13.05.2015 № 97 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлік туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов
Әкімдіктің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 168 қаулысымен бекітілген
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының
мөлшерлемесін есептеу қағидалары
Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрін пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледi:
Жа = Бм *К1 *К2 *S, мұндағы:
Жа - мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бм - базалық мөлшерлеме, 1 айлық есептік көрсеткiшi;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ |
К1 |
Алтынсарин ауданы |
1,6 |
Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi |
К2 |
Жеке тұрған |
1 |
Қосымша салынған |
1 |
Жартылай жертөле |
0,85 |
Жертөле |
0,70 |
Қоймалық |
0,60 |
2. Кұрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - жылдық жалдау ақысы;
АТ - 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн: Ж = S* Бм *К1*К2/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жұмыс уақытын толық айдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
S - ауданы (шаршы метр);
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны;
Бм - базалық мөлшерлеме, 1 айлық есептік көрсеткiшi;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент.
Кұрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшiн: Ж= (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
Ж - жылдық жалдау ақысы;
Жн - құрал-жабдықтарды автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) үшін жылдық жалдау ақысы;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.