Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 12.01.2015 № 6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ережені әділет органдарында тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов
Әкiмдіктің
2014 жылғы 5 қарашадағы
№ 257 қаулысымен бекітілген
"Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі
әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
2. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұлғасында мемлекет болып табылады.
3. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
"Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі басшымен бекітілген аппараттың жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеу тиіс.
5. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110101, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Большая Чураковка ауылы, Почтовая көшесі, 7.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
11. Осы Ереже "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен аппарат функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi.
14. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық іс-әрекетін қамтамасыз ету болып табылады.
15. Міндеттері:
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын орындау, елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;
3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауылдық округ әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
4) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай–күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
5) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізу;
6) ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
7) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
8) аудан әкімі аппаратының біріңғай қызметімен өзара қарым-қатынас жасау;
9) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
10) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
11) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді жоспарға сәйкес ұйымдастыру;
12) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
13) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;
14) мемлекеттік тілді кең қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
15) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
16) мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
18) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
20) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
3) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған берілген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.
19. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
1) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
2) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені әзірлейді, Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штаттық санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгiзедi;
3) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
4) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
7) ауылдық округ әкімімен қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жолдайды;
10) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
11) нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;
12) өз құзыреті шегінде "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражаттарына өкімдік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
13) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
14) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді орындайды.
"Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшадай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
24. "Алтынсарин ауданы Большечураков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.