Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
2. Мыналар белгіленсін:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) жалақыны есептеу мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Амангелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.У. Хайруллинге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді | |
ауданының әкімі | Ж. Таукенов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ М. Тобағабулов
Әкімдіктің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 29 қаулысымен бекітілген |
2014 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты
жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының
мөлшері және оларды қаржыландыру көздері
№ | Ұйымдардың атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | Амангелді ауданы әкімдігінің "Аман-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 1. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін жұмыстар: Амангелді ауылындығы 1) әкімдік маңайындағы алаңды қардан және қоқыстан тазалау; 2) С. Мауленов, А. Байтурсынов, Б. Майлин, А. Дуйсенбин, М. Дулатов, Д. Божманов, М. Маметова, К. Қанжығалин, Н. Ахметбеков, Кейкі батыр көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу; 3) "Шұғыла" демалыс саябағында, А. Байтұрсынов, Б. Майлин көшелерінің бойында көктемгі ағаштарды отырғызуға қатысу; 4) әкімдік алаңында, А. Иманов мұражайы жанында, Жастар саябағында, "Шұғыла" демалыс саябағында, А. Иманов ескерткішінің жанында гүлзарларға гүлдер отырғызу, оларды жаз бойы күту; 5) С. Мауленов, А. Байтурсынов, Б. Майлин, А. Дүйсенбин, М. Дулатов, Д. Божманов, М. Маметова К. Канжыгалин, Н. Ахметбеков, Кейкі батыр көшелерін жаз бойы күнделікті тазартып отыру; 6) Жастар саябағында, "Шұғыла" демалыс саябағында, отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу; 7) ауыл көшелеріндегі плакаттарды жаңартуға көмектесу; 8) ауыл орталығында күзгі ағаштарды отырғызуға көмектесу; 9) С. Мәуленов, А. Байтұрсынов, Б. Майлин, А. Дүйсенбин, М. Маметова, Қ. Қанжығалин, Н. Ахметбеков, Кейкі батыр, көшелерінде отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу; 10) 16 пәтерлі коммуналдық үйлердің жанына көшеттер отырғызу, сондай-ақ оларды жаз бойы күтуге, суаруға көмек көрсету. |
2. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Ақсай ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу. | ||
3. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Үштоғай ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік–мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) орталық алаңды қардан, қоқыстан тазартуға көмектесу; 3) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу. | ||
4. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қарынсалды ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу. | ||
5 Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Амантоғай ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) көктемгі ағаштарды отырғызуға қатысу; 3) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу. | ||
6. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қарасу ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу; 3) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу. | ||
7. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Үрпек ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу. | ||
8. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Байғабыл ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу; 3) көктемгі ағаштарды отырғызуға қатысу; 4) саябаққа отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу. | ||
9. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Тасты ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу; 3) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу. | ||
10. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Құмкешу ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу; 3) көктемгі ағаштарды отырғызуға қатысу; 4) саябаққа отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу. | ||
11. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қабырға ауылының жұмыстары: 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу; 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу; 3) көктемгі ағаштарды отырғызуға қатысу; 4) саябаққа отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу. |
Кестенің жалғасы:
Қоғамдық жұмыстардың көлемі, сағатпен | Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары | Еңбегіне төленетін ақы | Қаржыландыру көзі |
11760 7040 672 304 480 3360 2520 1600 3352 512 | Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. | Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері | Амангелді аудандық бюджеті |
704 472 | |||
672 480 504 | |||
372 | |||
944 336 480 | |||
1024 640 344 | |||
944 1008 | |||
812 340 304 266 | |||
876 512 602 | |||
1530 880 500 | |||
250 470 410 |