Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл селосы әкімінің 03.02.2015 № 1 шешімімен (қол қою күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Әулиекөл ауылын тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссияның негізінде қорытындысы, Әулиекөл аулының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әулиекөл ауылындағы Пролетарская көшесін Ерік Асанбаев атымен, Ленина көшесін Шақшақ Жәнібек батырдың атымен, Октябрьская көшесін Саржетім Қарабалуан батырдың атымен, Автомобилистов көшесін Астана атымен, Юбилейная көшесін Бәйтерек атымен, Жемелей көшесін Байқұлақ батырдың атымен, Северная көшесін Мұқаш Тойқожаұлының атымен атауларын өзгерту:
2. Осы шешім оның бірінші ресми жария болған күннен күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Д. Қусайнов