Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі анықталсын.
2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары А.А. Ташпановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауданы
әкімінің міндетін атқарушы Т. Рамазанов
Әкімдіктің
2014 жылғы 31 қаңтардағы
№ 9 қаулысына қосымша
2014 жылға арналған халықтың нысаналы
топтарына жататын тұлғалардың
қосымша тізбесі
1. Үш және одан көп ай жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар.
2. Бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).
3. Қырық бес жастан асқан тұлғалар.
4. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.