Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 28 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 4556 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022 жылғы 9 маусымдағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.06.2022 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихатының кезекті


тоғызыншы сессиясының төрағасы

В. Бездольный

Денисов аудандық


мәслихатының хатшысы

А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы Денисов ауданы

      Свердлов ауылдық округінің әкімі

      ________________ О. Баязиева

  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 28 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Свердлов ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Свердлов ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Свердлов ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Денисов ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Свердлов ауылдық округі ауылдардың шегінде бөлек жиынды өткізуді Свердлов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 19.06.2015 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Свердлов ауылдық округі ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 19.06.2015 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Бөлек жиынды Свердлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Свердлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Свердлов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Свердлов ауылдық округі ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Свердлов ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 28 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Свердловка ауылының тұрғындары үшін

50

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Подгорное ауылының тұрғындары үшін

5

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Приречное ауылының тұрғындары үшін

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады