Мәслихаттың 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процентке жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 50 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 4941 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 239 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 24.12.2018 № 239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процентке жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4241 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қарашада "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың


кезектен тыс


сессиясының төрағасы

М. Суербасов

Денисов аудандық


мәслихатының хатшысы

А. Мұрзабаев

КЕЛІСІЛДІ:


"Денисов ауданы әкімдігінің


экономика және қаржы бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы


________________ C.Ф. Рахметова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады