Мемлекеттiк жалға берілетін үйде коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 181 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 тамызда № 5051 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 13.10.2020 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 1 тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисовка ауылы, "50 лет Октября" көшесі, № 26 үй мекенжайында орналасқан мемлекеттiк жалға берілетін үйде коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшін жалпы алаңының бір шаршы метріне айына 15,74 теңге (он бес теңге жетпіс төрт тиын) ақы төлеу мөлшері белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Е. Жаманов

КЕЛІСІЛДІ:


"Денисов ауданының тұрғын


үй-коммуналдық шаруашылығы,


жолаушылар көлігі және


автомобиль жолдары бөлімі"


ММ басшысы


______________ И. Важничая


"Денисов ауданы әкімдігінің


экономика және қаржы бөлімі"


ММ басшысы


_______________ С. Рахметова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады