Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5) тармақшасына, 20 бабы 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6, 8, 9 тармақтарына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 397 "2014 жылға жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4411 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпанда "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы бойынша 2014 жылға жұмыссыздар үшін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайлары" қосымшасында:
мемлекеттік тілдегі "жұмыстардың түрлері" бағанасында 1 тармақта "Крымское" деген сөз "Қырым" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Б.С.Смадияровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Жаманов