Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 149 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4582 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 162 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 19.03.2018 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы
Ж. Нұрмұханбетұлы
      Жангелдин аудандық
мәслихат хатшысы
С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жангелдин ауданының

      Амангелді ауылдық

      округінің әкімі

      ________ Ж. Сабыржан

  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 149 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны

1

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінің Шеген ауылы

8

2

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінің Қарғалы ауылы

1

  Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 149 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округінің (бұдан әрі – Амангелді ауылдық округі) аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Амангелді ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Амангелді ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Амангелді ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Амангелді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Амангелді ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Амангелді ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Амангелді ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шеген ауылы көшесінің 39 тұрғынынан бір адам санымен және Қарғалы ауылы көшесінің 37 тұрғынынан бір адам санымен бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Амангелді ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады