Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.05.2017 № 93 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 10 сәуірдегі №170 "Жангелдин аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4704 тіркелген, 2014 жылғы 27 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Жангелдин аудандық мәслихатының регламентінде:
35-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ауылдар, ауылдық округтер тұрғындарын мәслихаттың есебімен жергілікті қоғамдастықтың жиындарында мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиялардың төрағалары басқаратын депутаттар тобы таныстырады.";
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жангелдин аудандық | |
мәслихаты кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | Ж. Нұрмұханбетұлы |
Жангелдин аудандық | |
мәслихат хатшысы | С. Нургазин |