Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 04.09.2020 № 438 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" мәслихаттың 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4245 тіркелген, 2013 жылғы 24 қазандағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессияның төрағасы | М. Жалпаков |
Жітіқара аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Кененбаева |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің | |
жұмыспен қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | |
_____________ Ә. Мекебаева | |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің | |
экономика және бюджеттік | |
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | |
_____________ Г. Жидебаева |