Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 30.11.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 223 "Қостанай облысы Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4805 тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Большевитский" деген сөз "Большевистский" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімімен орыс тіліндегі бекітілген қағидалары, тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Большевитский" деген сөз "Большевистский" деген сөзбен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | М. Жалпақов |
Жітіқара аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Кененбаева |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы | |
Большевик ауылдық округінің әкімі | |
_______________ Қ. Қашақбаев |