Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 99 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 сәуірде № 4626 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 03.02.2016 № 14 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 08.07.2015 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 08.07.2015 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының әкімі                    Ж. Бисимбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ________________ Б. Рақымжанов

Әкімдіктің        
2014 жылғы 20 наурыздағы 
№ 99 қаулысына     
қосымша         

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 08.07.2015 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      2) Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      3) Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);
      4) Жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) Барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      2) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);
      3) Мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорнының басшысы;
      4) Оқу, тәрбиелік жұмысы бойынша басшының (директордың) орынбасары;
      5) Логопед-мұғалім, логопед;
      6) Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      7) Кітапхана меңгерушісі;
      8) Кітапханашы;
      9) Әлеуметтік педагог;
      10) Медициналық бике;
      11) Емдәм бикесі;
      12) Педагог-психолог, психолог;
      13) Тәрбиеші;
      14) Вожатый;
      15) Өндірістік оқыту шебері;
      16) Музыкалық жетекші;
      17) Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
      18) Әдіскер;
      19) Қосымша білім беру педагогы;
      20) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогы;
      21) Дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) Мәдениет мемлекеттік мекемесінің, қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);
      2) Мәдениет мемлекеттік мекемесі, қазыналық кәсіпорнының басшының (директорының) орынбасары;
      3) Әдіскер;
      4) Музыкалық жетекші (үйірме жетекшісі);
      5) Мәдениет жөніндегі нұсқаушы;
      6) Хореограф;
      7) Көркемдік жетекші;
      8) Кино-бейне техникалық жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі механигі;
      9) Тілдер бойынша оқытушы;
      10) Кітапханашы;
      11) Библиограф;
      12) Суретші;
      13) Мәдени ұйымдастырушы.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) Аға жаттықтырушы, жаттықтырушы;
      2) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның (директоры) басшысы;
      3) оқу, тәрбие жұмысы бойынша (директордың) басшының орынбасары;
      4) медициналық бике;
      5) жаттықтырушы-оқытушы;
      6) нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші;
      7) әдістемеші.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) Мал дәрігері;
      2) Ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады