"Қостанай селолық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" 2009 жылғы 2 қарашадағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 маусымда № 4863 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қостанай селолық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" Қостанай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-124 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсанда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      - шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Қ. Нүркешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады