Ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 1 "Қарабалық селолық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 4891 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарабалық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарабалық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 1 "Қарабалық селолық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-104 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда "Айна" газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық
      ауылдық округінің әкімі                    Т. Жарқымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады