2009 жылғы 30 қаңтардағы № 3 "Новотроицк селолық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 30 маусымда № 4892 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Новотроицк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Новотроицк ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 3 "Новотроицк селолық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-101 тіркелген, 2009 жылғы 19 наурызда "Айна" газетінде жарияланған" мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" деген сөздер "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнбізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Б. Бокаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады