"Смирнов селолық округі елді мекендерінің құрама бөлімдер атауларын беру туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 4898 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Смирнов селолық округі елді мекендерінің құрама бөлімдер атауларын беру туралы" Смирнов ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-97 тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпанда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша
      "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Б. Капанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады