Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 27.12.2019 № 362 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессияның төрағасы | А. Ыбраев |
Қарасу аудандық | |
мәслихатының хатшысы | С. Қазиев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қостанай облысы Қарасу | |
ауданы Шолақашы ауылдық | |
округінің әкімі | |
_________ С. Жансүгірова |
Қарасу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 203 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық
жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Шолақашы ауылының тұрғындары үшін | 78 |
Жаныспай ауылының тұрғындары үшін | 32 |
Қарасу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 203 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы
ауылдық округінің бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің (бұдан әрі - Шолақашы ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Шолақашы ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Шолақашы ауылдық округінің аумағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды
өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Шолақашы ауылдық округінің әкімі шақырады.
Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Шолақашы ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Шолақашы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Шолақашы ауылдық округінің тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Шолақашы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Шолақашы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шолақашы ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шолақашы ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.