"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Даиров |
КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы
_____________________ Ш. Әбілова
Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 89 қаулысымен бекітілген |
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер1. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік серіктестік, еңбек және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбаларына, белгіленген үлгідегі бланкілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастарға түседі.
5. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шаяхметов көшесі, 2.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен берілген мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Науырзым ауданы халқының өмір сүру сапасы мен тұрмыстық әл - ауқатын арттыру мақсатында еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында аймақтық бағдарламаны қалыптастыру және жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
1) жұмыссыздық деңгейі мониторингін жүзеге асыру, соның ішінде әйелдер мен жастар;
2) ішкі еңбек рыногін қорғау;
3) азаматтарды жұмыссыздықтан сақтандыру құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды қолдау, соның ішінде: аз қамтылғандар, 21 жасқа дейінгі жастар, балалар үйінде тәрбиеленушілер, жетім балалар және ата - анасының қамқорынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар, жалғызбастылар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы ата - аналар, оралмандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалар; нашақорлықтан кейін оңалту курстарын өткен тұлғаларды жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін үкіметтік емес ұйымдарымен бірлескен жұмыс;
4) барлық меншік формаларындағы ірі және орташа кәсіпорындар мен ұжымдық келісім шарт жасау;
5) арнаулы әлеуметтік көмек көрсету стандарттарын енгізу;
6) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендерді, мүгедектерді оңалту, соның ішінде мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау;
7) халықтың аз қамтылған азаматтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу.
15. Функциялары:
1) әлеуметтік бағдарламаларды шешу мақсатында еңбек ақы жүйесінің қатынасын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді, барлық меншік түріндегі ұйымдарға ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасауға жағдай жасайды;
2) халықтың тұрмыстық жағдайын жетілдіруге және жақсартуға бағытталған аумақтық бағдарламалар, нормативтік құжаттар даярлауға қатысады, олардың орындалу барысын талдайды;
3) өз құзыры бойынша халықтың тұрмыс жағдайын және табысын өсіру, кедейлікті азайту шараларын әзірлеуге қатысады;
4) экономикадағы нарықтық қатынастарды зерделейді, халықтың тұрмыс жағдайы деңгейін зерделеу жөнінде талдау жұмыстарын жүргізеді;
5) бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарайды, тиісті шараларды қолданады;
6) халықты жұмыспен қамту саласындағы орталық атқарушы органмен бөлінген шет ел жұмыс күшін Науырзым ауданы аумағына тартуға рұқсат береді, сондай - ақ осы рұқсаттарды уақытша тоқтатады және қайтарып алады;
7) жұмыспен қамту жөнінде ақпараттық база жасайды. Жұмыспен қамту саласындағы қолданастағы заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, оларды жергілікті атқарушы органдарға ұсынады;
8) ауданда әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады;
9) оралмандарға қатысты мәселелерді шешеді;
10) кәмелет жасқа толған азаматтарға қатысты қамқорлық және қорғаншылық жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады;
11) жоғарғы органдарға есептілікті және мәліметтік құжаттарды ұсынады;
12) мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мүмкіндектері шектеулі балаларды медициналық - педагогикалық және коррекциялық түзету мәселелері бойынша аудандық денсаулық сақтау, білім беру органдармен байланыс жүргізеді;
13) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдармен, протездік-ортопедикалық бұйымдарымен, сурдо – тифло - техникалық құралдарымен қамтамасыз етуді жоспарлайды және ұйымдастырады, сондай - ақ Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен мүгедектерді өтініштеріне сәйкес санаториялық - курорттық емделумен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
14) мүгедектер жөнінде банк қалыптастырады.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
Осы ережемен қарастырылған функцияларды іске асыру үшін "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға, сондай - ақ оған жүктелген функциялармен міндеттерді орындауға міндетті.
3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру
17. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығы аталған мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің басшысымен жүзеге асырылады.
18. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерін қызметке қабылдайды және босатады.
2) бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша консультативтік - кеңестік орган құрады және жұмысына басшылық етеді;
3) заңнамада белгіленген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) сатып алу – сату шарттарын жасау кезіндегі барлық қатынастарда бөлім атынан өкілдік етеді;
5) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарушы органдарда және басқа да ұйымдарда бөлім атынан өкілдік етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да құзыреттерді жүзеге асырады.
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен қалыптастырылады.
21. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату
23. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.