Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 06.08.2015 № 320 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия
төрағасы Ә. Сұлтанов
Аудандық
мәслихаттың хатшысы З. Алдажұманова
КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының
экономика, бюджеттік
жоспарлау және кәсіпкерлік
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Н. Дехтярева