Мәслихаттың 2013 жылғы 11 қарашадағы № 158 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 265 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қаңтарда № 5319 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 09.09.2020 № 386 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 11 қарашадағы № 158 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4327 тіркелген, 2013 жылғы 11 желтоқсанда "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150000 (жүз елу мың) теңге көлемінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.

Сессия төрағасы

М. Ихтиляпов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

З. Алдажұманова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады