Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті
сессияның төрағасы Т. Жауғаштин
Аудандық
мәслихат хатшысы А. Қарашолақов
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.
________________ А. Голодный
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
________________ А. Тәкенов