Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 87 "Қазақстан Республикасының Президентігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттығына үміткерлер үшін, үгіт баспа материалдарын орналастыруға орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 30 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда № 4524 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 08.01.2016 № 13 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Конституциялық Заңына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 87 "Қазақстан Республикасының Президентігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттығына үміткерлер үшін, үгіт баспа материалдарын орналастыруға орындарды анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-130 тіркелген, 2011 жылғы 18 ақпанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі қосымшасында бүкіл мәтін бойынша "селолық", "село", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауыл", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Таран аудандық сайлау
      комиссиясының төрайымы
      ________________ Л. Пастушенко

      Қостанай облысы әкімдігінің дене
      тәрбиесі және спорт басқармасы
      "Таран аудандық балалар-
      жасөспірімдер спорт мектебі"
      мемлекеттік мекемесінің директоры
      _______________ Н. Транда

      "Таран аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазынашылық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _______________ А. Жауков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады