"Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 сәуірде № 4538 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 16.05.2016 № 160 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Сейдахметов

  Таран ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 65 қаулысымен бекітілген

"Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      Таран ауданы әкімдігінің тарапынан "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.
      2. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.
      1) "Маяк" газетінің редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) Таран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Таран ауданы жастар бастамаларының орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көшесі, 60.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелінетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі
      міндеттері, функциялары, құқықтары мен
      міндеттері
      14. Миссиясы: ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге ықпал жасау.
      Таран ауданының аумағында Қазақстан Республикасының ішкі саясаты саласында мемлекеттік басқарушылық функцияларды жүзеге асыру "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні болып табылады.
      Ұлтымыздың алдында тұрған стратегиялық міндеттері, азаматтардың әлеуметтік нық сенімін мемлекеттік күшейту және қалыптастырудың бірыңғай ұғымының негізінде ауданы тұрғындарының бірігуіне бағытталған ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) Ауданда жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мемлекеттің ішкі саясатының орындау, іске асыру, қамтамасыз ету;
      2) Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;
      3) Таран ауданы аумағында ауданның үкіметтік емес діни, жастар бірлестігіне қатысты мемлекеттің жүйелі саясатын жүргізу, саяси партиялармен байланысын жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
      2) аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденциясын жан-жақты және нақты зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
      3) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша, оны өткізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру; бұқаралық ақпарат құралдарының баспа және электрондық түріне мониторинг жүргізу;
      4) республиканың саяси бағытын және қолданыстағы заңнамасын насихаттау көрнекі құралдарының мазмұнының сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      5) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді реттеу және талдау, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын өткізу, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыру;
      6) ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
      7) жастар және балалар бірлестіктерінің дамуына жәрдемдесу, қызметтерін үйлестіру және жастар ұйымдарының басқарудың атқарушы және өкілді ұйымдарымен өзара қатынасын қамтамасыз ету. Іс шараларды ұйымдастыру және жастар іс - шараларын туралы ережені әзірлеу;
      8) Таран ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын біртіндеп жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      9) ауданның үкіметтік емес, жастар, діни, қоғамдық-саяси бірлестерінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинау, жинақтап қорыту және жіктеу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
      10) саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
      11) тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, ҚР мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
      12) аудандағы отбасы-демографиялық жағдай мәселелері бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу,
      13) мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы әрекетке бағытталған қызметін үйлестіру;
      14) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, аудан әкімі жанындағы кеңестерде қарастырылатын бөлімнің құзыретіне кіретін талдау жазбалары, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси процестердің тенденциясы мен динамикасы туралы ақпараттар, материалдарын дайындау;
      15) өңірдегі саяси процестерді демократияландыру және ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған аудандық ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
      16) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      Осы ережемен қарастырылған функцияларды іске асыру үшін "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған баска құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға, сондай-ақ оған жүктелген функциялармен міндеттерді орындауға міндетті.
      3. Мемлекеттік органның қызметін
      ұйымдастыру
      18. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындау және қызметтен босату.
      20. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және ұйымдастырады және "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындауға жеке жауапты болу;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар әрекеттерін қабылдамағанына дербес жауапты болу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шегіңде "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеме мүлкіне иелік жасау;
      4) шарттар жасау;
      5) сенімхаттар беру;
      6) банк мекемелерінде шоттар ашу;
      7) "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар беру;
      8) барлық ұйымдарда "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіру;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа алу, босату, сондай-ақ марапаттау шараларын қолдану және тәртіптік жаза белгілеу;
      10) "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу;
      11) іссапар, тәжірибе алмасу, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері бойынша "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоспары мен тәртібін бекіту;
      12) Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Ережеде жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      21. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жекеменшілік мүлікке ие болуы мүмкін.
      "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеленуден шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру
      және тарату
      24. "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағына
      жататын ұйымдардың және оның ведомстволарының
      тізбесі
      1) "Маяк" газетінің редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Советская көшесі 23.
      2) Таран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Таран ауданы жастар бастамаларының орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көшесі, 60.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады