Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 234 "Қоғамдық жұмысқа тарту түрінде сотталғандар үшін пайдалы қоғамдық жұмыс түрлерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 118 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда № 4705 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 03.03.2015 № 45 қаулысымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 234 "Қоғамдық жұмысқа тарту түрінде сотталғандар үшін пайдалы қоғамдық жұмыс түрлерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-119 тіркелген, 2010 жылғы 8 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасында бүкіл мәтін бойынша мемлекеттік тілдегі "селолық", "селолардың" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдардың" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы бойынша қылмыстық
      атқару жүйесінің департаменті
      Таран аудандық қылмыстық атқару
      инспекциясының бастығы
      __________ М. Тоқмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады