"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Юбилейный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Юбилейный ауылы әкімінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1 "Юбилейный селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-152 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтардағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Юбилейный
ауылының әкімі Қ. Көбенов