Мәслихаттың 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 қазандағы № 234 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 5163 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 20.03.2015 № 263 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-125 тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
      бүкіл мәтін бойынша "өтініш беруші" және "алушы" деген сөздер "көрсетілетін қызметті алушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Таран бөліміне (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.
      Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";
      5-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады";
      14-тармақ алынып тасталсын;
      мына мазмұндағы 19-1-тармағымен толықтырылсын:
      "19-1. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қырық үшінші, кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         А. Мәдибаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  С. Жолдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады