Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 316 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 5165 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 04.05.2015 № 119 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин

Таран ауданы әкімдігінің 
2014 жылғы 22 қазандағы  
№ 316 қаулысымен     
бекітілген        

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің бір шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1,5 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
      1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша есептеледi:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына аудандық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаң (шаршы метр);
      Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Үк):


1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)

0,7

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кт)


2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

1

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

3

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):



3.1 Таран ауылы, Тобыл кенті

1

3.2 Таран ауылдық округінің басқа елді мекендері

0,8

3.3 Асенкритов, Майский, Набережный, Калинин ауылдық округтерінің, Юбилейное ауылының елді мекендері

0,9

3.4 Павлов, Новоильинов, Белинский, Қайранкөл ауылдық округтерінің, Евгеновка, Приозерное ауылдарының елді мекендері

0,7

4

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):


4.1. Шағын кешенді мектептің оқушыларына ыстық және дәмхана тамағын ұйымдастыру

0,5

4.2. Қызметтің басқа көріністері үшін

1

5

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):


5.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9

5.2 қалғандары үшін

1,0

      2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
      Ап = С х Nam /100 х Кп,
      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
      3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
      Ач = Ап/12/Д/24,
      мұнда:
      Ач – сағатына аудандық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – жылына аудандық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады